Хоккейден Астанада өтетін Әлем чемпионатының логотипі таныстырылды

772

Қазақстан алғаш рет ересек командалар арасында хоккейден әлем чемпионатын қабылдайды. 

Хоккейден Астанада өтетін Әлем чемпионатының логотипі таныстырылды

Халықаралық хоккей федерациясы 2019 жылы Қазақстанда өтетін Әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "А" тобының логотипін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет ересек командалар арасында хоккейден әлем чемпионатын қабылдайды. 2019 жылғы Әлем чемпионаты бірінші дивизионындағы "А" тобының ойындарын өткізуге Қазақстанмен бірге Словения да өтініш білдірген болатын. Биылғы 18 мамырда дауыс беру қорытындысы жарияланып, Қазақстан жеңіске жетті.

Осылайша, белді турнир келер жылы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Астанада өтеді. Элитаға екі жолдама үшін Қазақстан, Венгрия, Оңтүстік Корея, Литва, Беларусь және Словения бақ таластыратын болады.

Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында Қысқы универсиада (2017), Қысқы Азия ойындары (2011), жастар арасындағы әлем чемпионаты (2003) өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу