Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

623

Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі Ригадағы әлем чемпионаты қарсаңында команда капитанын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Хоккейден Қазақстан командасының капитаны тағайындалды

Капитаннан бөлек, оның ассистенттерінің де есімі белгілі болды. 

Әлем чемпионатында Қазақстан командасының капитаны міндетін Әлихан Әсетов атқарады. Ал Роман Старченко мен Даррен Диц оның көмекшілері қызметінде. 

Айта кетелік, әлем чемпионаты 21 мамыр күні Ригада басталады. Қазақстан командасының алғашқы кездесуі 22 мамырға жоспарланған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу