Хоккейден Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары мен жеңімпазы марапатталды

733

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі түрде жазда ҚР чемпионатының басталуы қарсаңында өтетін хоккейден Қазақстан кубогінің кезекті ойыны аяқталды.

Хоккейден Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары мен жеңімпазы марапатталды

Қарағандылық клуб үшінші жыл қатарынан осынау кубоктің иегері атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы беделді олжа үшін еліміздің өңірінен жиналған 11 клуб, сондай-ақ Өзбекстаннан келген "Хумо" командасы сайысқа түсті. Топтық кезеңнің және жартылай финалдың қорытындысы бойынша ақтық сайыста Қарағандыдан келген, Қазақстанның қазіргі чемпионы "Сарыарқа" мен Pro Hokei Ligasy маусымының күміс жүлдегері көкшетаулық "Арлан" кездесті.

Тартысты күресте 3:0 есебімен қарағандылықтар жеңіске жетті. Кубоктың үздік хоккейшілері қақпашы Максим Грязнов, қорғаушы Иван Степаненко (екеуі де – "Арлан"), шабуылшы Андрей Лагунов ("Сарыарқа") және жас ойыншы Всеволод Логвин ("Номад") атанды.

"Хоккейшілерді, жаттықтырушылар штабын, "Сарыарқа" хоккей клубының басшылығын және жанкүйерлерін Қазақстан кубогінің финалындағы сенімді жеңісімен құттықтаймын. Үшінші жыл қатарынан қарағандылық клуб осынау кубоктің иегері атанып отыр. Бұл жеңіс шын мәнінде команданың турнир бойы көрсеткен жарқын ойынының сәтті нәтижесі. Финалдық ойын – жанкүйерлер мен осы спорт түрін ұнататындар айрықша күтетін шешуші  сәт. Командаларға шексіз эмоция сыйлағаны үшін алғыс айтамын", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу