Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Ұлыбритания құрамасын 6:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды vesti.kz.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар тең есеп тарқасты. Бірінші болып 3 минутта Люк Феррар ұлыбританиялықтарды алға шығарған. 15 минутта Дмитрий Гренц таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер басымдығын танытты. 33 минутта төрешілер видеоқайталауды қарап, Антон Сагадеевтің соққан шайбасын есепке алды. 35 минутта Роман Старченко есепті 3:1-ге жеткізді.
Қазақстан құрамасы үшінші кезеңде үш шайба соқты. 42 минутта Роман Старченко дубль жасаса, 46 минутта Никита Михайлис бір шайбаны еншісіне жазды. Алтыншы шайбаны Алихан Асетов соқты.