Хоккейден Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионатында есе жіберді

846

Дүниежүзілік біріншілік аясында Қазақстан құрамасы 5 ойын өткізді.

Хоккейден Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионатында есе жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы виртуалды әлем чемпионатында кезекті рет қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық хоккей федерациясының ұйымдастыруымен ресми сайтта виртуалды әлем чемпионаты жалғасуда. Дүниежүзілік біріншілік аясында Қазақстан құрамасы 5 ойын өткізді. Бесінші кезеңде ел командасының қарсыласы Финляндияға болды. Жеңімпаздар халықаралық федерацияның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталды.

Аталмыш кезеңде Қазақстан қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.

Келесі ойын мамырдың 18-іне өтеді. Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы Италия командасы болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу