Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы "Торпедо" сапына ауысты

738

Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы "Торпедо" сапына ауысты

Өскемен хоккейінің тәлімгері, орталық шабуылшы  Федор Полищук құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін  "Торпедо" клубына ауысты, деп хабарлайды  vesti.kz.

Шабуылшы мен клуб сынақ мерзімі бойынша келісімшарт жасаған. Бұл шартнама бойынша Полищук өскемендік клуб сапында тамыз айының соңында дейін бапкерлердің бақылауынан өтеді. Егер шабуылшы бапкерлердің көңілінен шығатын болса, клуб 38 жастағы хоккейшімен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауы ықтимал. 

Еске салайық Полищук карьерасын өскемендік  "Казцинк-Торпедо" сапында бастаған. Сондай-ақ ол ҚХЛ-да өнер көрсететін "Металлург", СКА, "Барыс" секілді командалардың намысын қорғаған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан құрамасы қатарында өнер көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу