Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері 12 сәуірде Еуропаны бетке алады. Қазақстан әлем біріншілігі қарсаңында үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz
Алдымен Италиямен екі мәрте шеберлік байқасатын жерлестеріміз, сосын Австриямен ойнайды. 18 сәуірде Венгрияға баратын толық құрам анықталады.
Бас бапкер бұл жарысқа Найджел Доус пен Дастин Бойд қатыспайтынын мәлімдеді. Бірінші дивизион командалары арасындағы әлем чемпионаты 22 сәуірде Будапешт қаласында басталады.
Элиталық топтың екі жолдамасына Қазақстаннан бөлек, Венгрия, Ұлыбритания, Италия, Словения, Польша таласады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу