Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қақпашысы көз жұмды

807

"Барыс" хоккей клубының мәліметі бойынша, талантты қақпашы өткен жылдың қарашасынан бері сүйектің қатерлі ісігімен күрескен.

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қақпашысы көз жұмды

3 ақпан күні шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының, сондай-ақ, "Снежные барсы" командасының қақпашысы Вилен Прокофьев өмірден өтті. Бұл туралы хабарлаған ҰОК барлық Олимпиадашылар атынан Вильен Прокофьевтің отбасына, жақындары мен достарына көңіл айтады. 

"Барыс" хоккей клубының мәліметі бойынша, талантты қақпашы өткен жылдың қарашасынан бері сүйектің қатерлі ісігімен күрескен. Өкінішке қарай, ауруды жеңу мүмкін болмады. Ол 18 жасында көз жұмды. 

Вилен Прокофьев 2001 жылдың 22 сәуірінде Сәтпаев қаласында туып, сол қалада спортшы ретінде қалыптасты. 2013 жылдан бері "Барыстың" қақпашыларды дайындайтын жүйесінде жаттыққан. Вилен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында Қазақстан қақпасын қорғаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу