15 және 21 қаңтар аралығында Нидерландының Херенвенінде ІІА дивизионындағы хоккейден жасөспірім қыздар әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Olympic.kz порталының жазуынша, турнир аясында Қазақстан құрамасы Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Латвия және Нидерланд командаларымен ойнайды. Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын құрамды ұсынды. Өтінімге 20 ойыншы – 18 алаң ойыншысы мен 2 қақпашы енген.
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Вероника Агеева ("Торпедо", Өскемен), Арина Павловская ("Ақтөбе-2009"/"Жұлдыз", Алматы)
Қорғаушылар: Эвелина Емцева, Вероника Халикова (екеуі де – "Жұлдыз", Алматы), Медина Кишекеева ("Ақтөбе-2008"/"Жұлдыз"), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – "Торпедо").
Шабуылшылар: Малика Жунусова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (барлығы – "Торпедо", Өскемен), Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Токкожа, Анастасия Филимонова (барлығы – "Жұлдыз", Алматы), Анна Климова, Рената Лившиц (екеуі де – "Юность-Грация, Қарағанды).
Бас бапкер – Мария Федоренко.