Хоккейден Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының бойтұмары таңдалды

725

Біріншіліктің бойтұмары "Қар барысы" болады.

Хоккейден Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатының бойтұмары таңдалды

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында хоккейден бірінші дивизионның "А" тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Olympic.kz. 

"Барыс-Арена" айдынында Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Литва және Словения құрамалары элиталы дивизион жолдамасын сарапқа салмақ. 

Кеше әлем чемпионатының бойтұмары белгілі болды. Дәстүр бойынша, "Қар барысы" біріншіліктің бойтұмары болып таңдалды. Ол барша жанкүйерлермен бірге Қазақстан командасына қолдау білдірмек. 

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан командасы екі бақылау матчын өткізеді. 

25-26 сәуір күндері біздің команда Оңтүстік Корея мен Беларуське қарсы ойнайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу