Хоккейден олимпиадалық квалификациялық турнирдің финалдық кезеңі 2021 жылдың тамыз айына шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz халықаралық хоккей федерациясына сілтеме жасап.
Мұндай шешім Халықаралық хоккей федерациясының кезекті телефон конференциясында қабылданды.
Олимпиадаға 3 жолдама үшін 12 команда үш топқа бөлінген. "D" тобында Словакия, Беларусь, Австрия мен Польша, "E" тобында Латвия, Франция, Италия мен Венгрия, "F" тобында Норвегия, Дания, Оңтүстік Корея мен Словения командалары өзара бақ сынауда.
Айта кетерлігі, Қазақстан ұлттық құрама командасы Польшадан 2:3 есебімен жеңіліп, квалификациялық кезеңнің финалынан тыс қалған болатын.