Honda 1,2 миллион көлігін қайта жөндейді

694

Honda 1,2 миллион көлігін қайта жөндейді

Жапониялық автокөлік концерні АҚШ-та сатылған Accord маркалы көліктерін қайта жөндеуден өткізуге мүдделі. Америкалық жүргізушілерден түскен шағымдардан кейін компания басшылығы осындай шешімге келіп отыр. Бұл туралы CNN мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми ақпаратқа орай, 2013-2016 жылдар аралығында АҚШ нарығына арналып құрастырылған Accord седанында ақау табылған. Гибридті көліктің электр энергиясын жинақтайтын батареясы сенсорлары мотордың ішкі жану процесіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде мотордың жанып кету қаупі бар.

Honda компаниясының АҚШ-тағы клиенттеріне жүргізілген сауалнамаға орай, аталған ақаулық кесірінен зардап шеккендер жоқ. Көліктерді мониторингтеу үдерісі осы айдың соңына дейін жүргізіліп, толығымен жөндеу шаралары іске асырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу