Honda электромобилін тек Қытайда сатады

599

Машинаның нобайы жұртты таңғалдырды.

Honda электромобилін тек Қытайда сатады

Концепт түріндегі жаңа көлік қыркүйектің аяғында өтетін Бейжің автосалонында көрсетіледі. Қытай халқы батареялы “хонданы” алғаш көріп қана қоймай, уақыты келгенде міне алады, себебі ол аспан асты еліне арналып жасалған. 

Жапониялық компания машинаның алдыңғы бөлігін көрсеткенмен, басқа еш ақпарат бермеді. Тек оның кейбір елдерде сатылып жатқан батареялы Honda e-ден ірілеу болатыны белгілі. 

Ретро стильде жасалған 154 ат күшіне ие хетчбэктің жүріс қоры 220 шақырымға жетеді және машинаға айна орнына сыртқы көрініске арналған камера орнатылған. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу