Honda мен Nissan бірігу туралы келіссөздерді бастады. Осылайша, олар әлемдегі үшінші ең ірі автокөлік өндірушісі атанбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, Honda мен Nissan тағы бір жапондық өндіруші Mitsubishi Motors компаниясын да бірлестікке қосу мүмкіндігін қарастыру үшін жеке меморандумға қол қойды.
"Қытайлық автоөндірушілер мен жаңа ойыншылардың пайда болуы автоөнеркәсіпті қатты өзгертті. Біз 2030 жылға қарай олармен күресу үшін әлеуетімізді арттыруымыз керек, әйтпесе жеңілеміз", – деді Honda компаниясының бас директоры Тошихиро Мибе.
Honda және Nissan өкілдерінің мәліметінше, бірігу жүзеге асса, холдингтің жалпы сатылымы 30 триллион иенге (191 миллиард доллар) жетіп, ал кірісі 3 триллион иеннен (19 миллиард доллар) асады.
Компаниялардың бірігетіні туралы хабарламалардың аясында Honda акциялары 3,8%, Nissan 1,6% және Mitsubishi Motors 5,3% қымбаттаған.