Honda мобилизация жариялады

526

Өндіріске қатысы болмаған кеңсе қызметкерлері көлік құрастыруға кірісті. 

Honda мобилизация жариялады

Кеңес заманында ақыл, еңбегімен пұл табатын қызметкерлер жазда ауыл-аймақта жер жыртып, құрдымға кетіп бара жатқан ауыл шаруашылығын құтқаруға күш салған еді. Қазір АҚШ-тың Мэррисвилл қаласындағы Honda зауытында соған ұқсас жағдай болып жатыр.

Пандемия салдарынан офистік клерктер конвейерге келді. Бастапқыда өз еріктерімен, кейін мәжбүрлі түрде қара жұмысқа кірісті. Өйткені қазір кеңседе олардың жұмысынан компанияға пайда жоқ. 

Drive басылымы қызметін ауыстырған кеңсе мамандарының бірі Honda басшылығының бұл әрекеті жұмысшыларға қауіп төндіретініне шағымданған. Цехтағылар өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге мәжбүр болғандықтан, қашықтық сақтау мүмкін емес. Алайда басқа амал жоқ: не тәуекелге бел буып, конвейерде тер төгесің, не жұмыстан шығасың. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу