Honda Үндістандағы өндірісін уақытша тоқтатады

827

Бұған дейін Suzuki де осындай шешімге қабылдаған еді. 

Honda Үндістандағы өндірісін уақытша тоқтатады

Жапонияның Honda автоконцерні 1-15 мамыр аралығында мотоцикл шығаратын Үндістандағы төрт зауытының жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Nikkei сайтына сілтеме жасап. Компанияның мұндай қадамға баруына бұл елде індеттің өршуі себеп болып отыр. 

Дегенмен автоконцерн автомобиль өндірісін жалғастыра беретінін мәлім етті. 
Бұған дейін Жапонияның Suzuki компаниясы осы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты үш кәсіпорнының жұмысын тоқтататынын жариялалаған еді. 

Ресми дерек бойынша, 29 сәуірде Үндістанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 379 257 фактісі тіркелді. Бұл – осы айда тіркелген жетінші антирекорд. Елдің Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі бейсенбіде елде эпидемияны жұқтырғандардың жалпы саны 18 376 524-ке жеткенін хабарлады.

Табиғат Нұрболат

Фото: thehindubusinessline.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу