"Хоргоста" 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды

272

Келтірілген шығын көлемі қанша?

"Хоргоста" 991 дана киік мүйізі заңсыз тасымалданғаны анықталды Фото: ҰҚК

"Хоргос" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады.

"Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу