Хорватия еуроға өтіп жатыр

466

Хорватия 2023 жылды жаңа валютамен қарсы алады. 

Хорватия еуроға өтіп жатыр

Бұл ел 1 қаңтардан бастап еуроға өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Бірыңғай еуропалық валютаға кезең-кезеңімен, бірақ жылдам өту аясында банкоматтардың жартысынан астамы өшірілді. Бұл, банкоматтарды жаңа валютамен толықтыру үшін жасалды.

Хорватиялық куна мен еуро тек 14 күн бойы ғана қолма-қол төлем жасау үшін тең қолданылады.

"Қолдарыңызда қолма-қол ақша болғаны дұрыс, себебі демалыс күндері банк жүйесі өтпелі жағдайда болады. Карта да, интернет-банкинг те жұмыс істемейді. 2 қаңтарда бәрі бұрынғыдай дұрыс жұмыс жасауы тиіс", - деді Хорватия ұлттық банкінің төрағасы Борис Вуйчич.

2023 жылдың 1 қаңтарынан Хорватия ресми түрде Шенген аймағына қосылады. Адамдар ЕО көрші елдері арасында төлқұжат бақылауынсыз шекараны кесіп өте алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу