Теннистен Хорватия құрамасы Дэвис Кубогының 1/4 финалындағы Қазақстанға қарсы ойында есепте алға шықты - 2:1. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин хорватиялық Иван Додиг пен Никола Мектич дуэтінен айласын асыра алмады – 7:6, 4:6, 4:6, 2:6.
Ертең кортқа Михаил Кукушкин пен Марин Чилич шығады. Артынша, Дмитрий Попко мен Борна Чорич күш сынасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу