Хорватия миллиардері "Қазақстан халқына" қорына 22 млрд теңге аударды

424

Қорға 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында 23 миллиард 404 миллион 145 мың теңге түскен.

Хорватия миллиардері "Қазақстан халқына" қорына 22 млрд теңге аударды Фото: aqparat.info

Алматының тумасы, Хорватия азаматы Forbes тізіміндегі кәсіпкер Василий Анисимов "Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан халқына" түсімдер туралы есепте 2023 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында қорға 23 миллиард 404 миллион 145 мың теңге түскені хабарланды.

Қаражаттың басым бөлігі сәуір айында келіп түскен, ірі соманы Василий Анисимов аударған. Ол екі рет ақша жіберген, біріншісі, 3 сәуір күні - 451 мың 710 теңге, екіншісі, 6 сәуір - 22 миллиард 339,5 миллион теңге.

Василий Анисимов 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Швейцариядағы Coalco девелоперлік компаниясының иесі және Ресейдің "Металлинвест" ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірінің бұрынғы тең иесі. Оның байлығы 1,6 миллиард долларға бағаланған (Forbes мәліметтері бойынша). 2022 жылы Ресейдегі ең бай 200 кәсіпкердің тізімінде 54-ші орынға ие болды.

2022 жылдың желтоқсанында Анисимовтың Хорватия азаматтығын алғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу