Хорватия туры: "Астана" велокомандасы командалық есепте жеңіске жетті

949

Загребте велеспорттан 2019 жылғы Хорватия турының алтыншы кезеңі өз мәресіне жетті. 

Хорватия туры: "Астана" велокомандасы командалық есепте жеңіске жетті

Финалдық кезеңде 154 км қашықтықты италиялық спортшы Алессандро Федели бірінші болып бағындырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алты кезеңнен кейін "Астана" командасының өкілі Дэвиде Вилелла бас іріктеу кезеңінде Хорватия турының жеңімпазы ұлыбританиялық Адам Йейтске 22 секунд ұтылып екінші орынды иеленді. Испандық Виктор де ла Парте үздік үштікті қорытындылады.

Жалпы қорытынды бойынша қазақстандық Андрей Зейц төртінші орынға ие болды. Евгения Гидичтің үшінші кезеңдегі жеңісі мен Давид Виллелланың жалпы есептегі екінші орны қазақстандық велокаоманданың жеңіс тұғырына көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде, қазақстандық велошабандозбар жалпыкомандалық есепте жеңді.

Ал команданың жас спортшысы Вадим Пронский негізгі іріктеу кезеңін 12-ы болып жарысты аяқтап, 2019 жылғы Хорватия турында ең жас велошабандоз атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу