Хорватияда Нұр-Сұлтанның құрметіне зәйтүн ағашы отырғызылды

854

1-4 маусым аралығында Хорватиядағы Корчула аралында Халықаралық "Марко Поло" арт-фестивалі аясында Қазақстанның поэзия, музыка және киноөнер күндері табысты өтті. 

Хорватияда Нұр-Сұлтанның құрметіне зәйтүн ағашы отырғызылды

Хорватиядағы Қазақстанның мәдени күндері шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының құрметіне зәйтүн ағашы отырғызылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

1-4 маусым аралығында Хорватиядағы Корчула аралында Халықаралық "Марко Поло" арт-фестивалі аясында Қазақстанның поэзия, музыка және киноөнер күндері табысты өтті. Іс-шараға Хорватия Мәдениет министрлігінің және Корчула қаласының мэриясының басшылығы, Әзірбайжан, Израиль, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия елшілері, Қытай, Үндістан, Черногория өкілдері, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен туристер қатысты.

Фестивальдің ашылуы Корчула қаласындағы Бейбітшілік Бақшасында ағаш отырғызудың символикалық акциясымен аталып өтті. Қазақстанның елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстан елордасының құрметіне "Нұр-Сұлтан" зәйтүн ағаштың көшетін отырғызды. Салтанатты рәсім барысында дипломат Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның қазіргі заманды, прогресті және болашағын бейнелейтіндігін атап өтті. Корчула қаласының мэрі Андрия Фабрис Ұлы даланың көшпелі халықтарының тілін, дәстүрлері мен мәдениетін жақсы білетін саяхатшы Марко Полоның мұрасының сабақтастығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу