Елордалық "Астана" алдағы уақытта құрамын 2015/2016 жылғы маусымда Хорватия чемпионатының үздік ойыншысы атанған футболшымен толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz.
29 жастағы Марин Томасов ел чемпиондарының сапына жыл соңына дейін ойнайды. Хорватиялық "Задар" клубының түлегі карьерасында сплиттің "Хайдук", мюнхэннің "Мюнхен 1860", риекалық "Риека" клубтарының намысын қорғаса, 2016 жылдан бері эр-риядтың "Ан Наср" клубында өнер көрсетіп келеді.
Еске салайық, бұған дейін "Астана" клубының колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньястың командадан кететін белгілі болған. Сондай-ақ елордалық клуб Албания құрамасының шабуылшысы Аздрен Лулакуды басқа клубқа жалға беруді көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу