Алматыдағы хостелден өрттің қалай шыққаны туралы куәгерлер айтып берді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Кеше түнгі 23-00 шамасында хостелдегі достарыма келдім, олар үш күн бұрын Йеменнен келген. Хостелге келгенде төтенше ештеңе байқамадым. Достарымның айтуынша, олар бірдеңе естіген. Содан кейін сыртқа шыққан. Олар қазір ауруханада. Жағдайлары жақсы",- деді Йемен азаматы.
Өрт басталғанда бірден түтін ойнап, ештеңе көрінбей қалған. Хостел тұрғындары бірден ұйқыларынан оянып, көршілерін оятуға тырысқан.
Куәгердің айтуынша, жатақханада 50-ден аса адам тұрған, олардың көпшілігі Алматыға жұмыс істеуге келген Қазақстан азаматтары. Онда студенттер мен шетел азаматтары да тұрған. Қайтыс болғандардың арасында, куәгердің айтуынша, негізінен қазақстандықтар.