Хостелдегі өрт: Бас прокуратура пікір білдірді

374

Жертөледе хостел ашу заң аясына сәйкес келмейді. 

Хостелдегі өрт: Бас прокуратура пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында Алматыдағы хостелде болған өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жандос Өмірәлиев өрттен қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Бұл дерек бойынша, ішкі істер органдарымен қылмыстық іс қозғалды. Оны сапалы әрі жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету мақсатында Бас прокурор тиісті үкім шығарды. Тапсырмаға сәйкес, өрт сөндіру және Алматы қаласының прокуратура қызметкерлері тергеу тобымен бірге барлық күш-жігерін салады", - деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер "Жертөледе хостел ашу заңды ма?" деп сұрады.

"Ғимараттың бірінші қабатында және астыңғы қабатында осы азаматтардың тұрғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Әрине, бұл заң аясына сәйкес келмейді. Себебі, тұрғын үй және тұрғын емес деген мәселе бар. Тұрғын емес ғимараттар ауыстырылуы керек. Біздің дерегімізше, әкімшілік тарапынан ол ауыстырылмаған. Сондықтан да астыңғы қабатта адамдардың тұруы заңға қайшы келеді", - деп жалғастырды ол.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/news/almaty-hostel-ortenip-13-adam-kaza-tapty Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу