Хостелдегі өрт: Зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде

311

Эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктері зақымданған.

Хостелдегі өрт: Зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде Фото: Алматы әкімдігі

Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт салдарынан зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек дәрігерлер қойған диагноздар аясында толық көлемде көрсетілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков ӨКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Зардап шеккен төрт адамның жараларына алғашқы хирургиялық емдеу көрсетілді: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктері зақымданған. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, бір пациент угарлы газбен улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, есін жиды және оған ем толық көрсетілуде", - деді Иран Шаметеков.

Жараларды емдеген соң зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберілген.

Шәріпов көшесіндегі өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Хостелде барлығы 72 тұрғын болды, олардың 12-і студен. Хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу