"Хоум Кредит" банкі жемқорлық агенттігінің айыптауын жоққа шығарды

1063

Қазіргі таңда банкте жеке және заңды салымшының жалпы 168,5 млрд теңге қаржысы жатыр.  

"Хоум Кредит" банкі жемқорлық агенттігінің айыптауын жоққа шығарды

"Хоум Кредит" банкі жемқорлық агенттігінің "Қазагро" қаржысы депозитте заңсыз жатыр" деген айыптауын жоққа шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.

Өздерінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, компанияның еншілес "Аграрлық Кредит Корпорациясының" салған ақшасы ешқандай да заңға қайшы емес.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана кәсіпкерлер форумында Алик Шпекбаев "Қазагро" несиелендіруге бөлінген 11 млрд теңгені шаруаларға бермей, депозитте сақтап қойып отыр деді. Ал бүгін Парламентте компанияның тікелей қаржыландыру қызметін қайта қарастыру қажеттігі айтылды. Тіпті, несие мен субсидия бөлудің механизмін өзгерту ұсынылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу