Храпунов жекеге беріп жіберген 3 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

259

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Храпунов жекеге беріп жіберген 3 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды Фото: arnapress.kz

Алматы қаласының прокуратурасы құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекет теңгеріміне қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұған дейін Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.11.2023 жылғы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын", - делінген хабарламада. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді, Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 25.04.2024 жылғы қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу