Храпуновтың 8 жер учаскесі тәркіленеді – Президент Жарлығымен құрылған комиссия

617

Бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасуда. Бүгінгі күні 36 объект (коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері) анықталды. 

Храпуновтың 8 жер учаскесі тәркіленеді – Президент Жарлығымен құрылған комиссия

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды", – деп жазылған комиссия таратқан ақпаратта. 

Сонымен бірге Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарауда.

Айта кетейік, 5 маусымда Президенттің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылғаны белгілі.

Комиссия құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу