Біріккен Араб әмірлігінің әл-Айне қаласындағы христиан шіркеуі жергілікті мұсылман жамағатына ауызашар ұйымдастырып, ғибадатханаларына қонаққа шақырған. Шіркеу ғимаратына жиналған 250-ге жуық жамағатқа ол жерде тек ауыз ашып қана қоймай, ақшам намазын бірге оқуға да мүмкіндік жасаған, деп хабарлайды muslim.kz.
"Біздің шіркеу жұмысшылар жатақханасының ортасында орналасқан. Біз өз ойымызды бірнеше жатақхана тұрғындарына айтып көріп ек, олар бірден қолдады. Біздің бұл қадамымыз діни ұстанымы бөлек болса да, адамдардың бейбіт өмір сүріп, өзге діндегілерге құрмет қарауына түрткі болады деп сенеміз", – дейді шіркеу әкейі Принц Понночен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу