Хромтауда балабақша апатты жағдайда тұр

590

Балабақша қабырғаларына сызат түскен. Нысанды тексерген алматылық зертхана "апатты жағдайда" деген қорытынды берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Хромтауда балабақша апатты жағдайда тұр Фото: zakon.kz

Соңғы бір жылда №3 "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасындағы 200 баланың жартысы өзге үш бірдей мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Ал екі қабатты нысанда сызат 2012 жылы пайда болған. Содан бері жарықшақтар жамалып жөнделгенімен мәселе шешілмеген.

Жеті жыл бұрын ғимарат толық күрделі жөндеуден өтіп, қабырғалары әр тұстан темірмен бекітілген. Алайда одан нәтиже болмай тұр. Зерттеу, сараптама жұмыстары ғимараттың көп бөлігінде жер қабатының берік еместігін көрсеткен. Сондықтан бұзып, қайта салу көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу