Ақтөбе облысының Хромтау ауданында өрттен 4 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Денелерін күйік шалған.
Жеке үйдің ауласындағы баспанадан от шығып, қызыл жалын оның қасындағы гаражды да шарпыған. Гаражда тұрған көлікті, құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер ауладағы тұрмыстық газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Зардап шеккендердің екеуі жазғы үйді жалдап тұрушылар, қалған екеуі баспана қожайындары. Барлығы дәрігерлердің бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу