HSBC банкі Silicon Valley-дің Ұлыбританиядағы бөлімшесін сатып алады

Мәміле құны 1 фунт стерлингке бағаланып отыр.  

HSBC банкі Silicon Valley-дің Ұлыбританиядағы бөлімшесін сатып алады Фото: coinphony.com

HSBC Holdings Plc өткен жұмада банкроттыққа ұшыраған Silicon Valley Bank-тің британдық бөлімшесін сатып алады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мәміле Ұлыбританиядағы бизнесіміз үшін стратегиялық маңызға ие. SVB UK клиенттері олардың депозиттері барынша қорғалғанын ескере отырып, банк қызметін сенімділікпен пайдалана алады", - деді HSBC бас атқарушы директоры Ноэль Куинн.

FT дереккөздерінің хабарлауынша, SVB UK сатып алуға өтініш бергендердің арасында Таяу Шығыс инвесторы болған. Сонымен қатар OakNorth және Bank of London да өтініш білдірді.

SVB UK - Ұлыбританияда 3,3 мыңға жуық клиенті бар қаржы институты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу