Huawei АҚШ-тағы қызметкерлер санын қысқартады

742

Вашингтон мен Бейжің арасындағы экономикалық текетірес бәсеңдемей тұр.

Huawei АҚШ-тағы қызметкерлер санын қысқартады

Қытайдың алпауыт телекоммуникациялық компаниясы АҚШ-тағы өзіне тиесілі Futurewei зерттеу компаниясының жүздеген қызметкерін жұмыстан босатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жариялады.

Futurewei-де жалпы саны 850 адам жұмыс істейді. Компания бөлімшелері Техас, Калифорния және Вашингтонда орналасқан.

Бірақ, әзірге нақты қанша қызметкердің қысқартылатыны туралы ресми түрде жарияланған жоқ.

Мамыр айында АҚШ Huawei-ді қара тізімге енгізген болатын. Ресми Вашингтонның пікірінше, компания құпия ақпаратты Қытай үкіметіне жеткізумен айналысқан. Осы орайда Ақ Үй оның америкалық нарықтағы жұмысына бірқатар шектеу қойды. Дегенмен Huawei өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Жапонияның Осака қаласында өткен G20 саммиті кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Си Цзиньпинмен кездесіп, "америкалық компаниялар Huawei-ге өз өнімдерін сата алады" деп айтқан еді. Бірақ Қытай тарапы шектеулердің әлі де сақталып отырғанын алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу