Huawei компаниясы "жасыл" энергетика саласына бетбұрыс жасады

536

Елімізде өткен жылы жалпы қуаты 2388 МВт болатын 130 жасыл энергетика  нысаны пайдалануға берілді.

Huawei компаниясы "жасыл" энергетика саласына бетбұрыс жасады Фото: Huawei

Huawei компаниясы қазақстандағы жаңғыртылмалы энергетика саласында белсенді жұмыс істей бастады. Бұл туралы алпауыт компанияның өкілдері QAZAQ GREEN FEST шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сарапшылардың сөзінше, телекоммуникацилық компания еліміздегі жасыл энергетика саласын цифрландыруға сеп болады. Бұл отандық жобалар үшін үлкен қолдау болмақ.

Елімізде өткен жылы жалпы қуаты 2388 МВт болатын 130 жасыл энергетика  нысаны пайдалануға берілді. Бұл болашақ энергиясына деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Энергия өндірудің жаңа технологиясы жаңа шешімдерді де қажет етеді. Сондықтан бұл салада ашықтық болуы үшін, саланы цифрландыру маңызды болмақ. Бұл іске белсене кіріскен HUAWEI компаниясы жаңа технологиялық прогресстің орнығуына көмектеспек.

"Huawei компаниясысоңғы он жылда тек Айти  және телекомуникация саласында ғана емес, цифрлы энергетика саланында да дамып келеді. Біз үшін көміртекті шығындарын азайту мен жасыл эконмикаға көші ісі өте маңызды. Біз қазір бұл салада түрлі бастамаларды көтеріп жатырмыз. Сондықтан, біз бұған дейін жинаған тәжірибемізді жасыл бағытқа жұмсауға дайынбыз", деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Фарида Төлеубаева.

Сарапшылардың сөзінше, жасыл энергетика нарығында цифрландыру қызметіне сұраныс жоғары. Бұл саланың болашағы заманауи технологияға тығыз байланысты болмақ. Сондықтан энергия өндіруші компаниялар үшін   Huawei сынды алпауыт компанияның көмегі көптеп қажет.

"Қазір Қазақстанда "жасыл" жобаларды  іріктеу бойынша аукциондық тетік жұмыс істейді. Бұл жүйе электронды сауда алаңына тікелей байланысты.  Бұған бірыңғай сатып алушы жүйесі мен электр энергиясы нарығының теңгерімді жүйесін қосыңыз. Сондықтан цифрландыру енгізудің әлеуеті зор деп ойлаймын", деді "QAZAQ GREEN" ЖЭК Қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Айнұр Соспанова.

Соңғы жылдары елімізде  электр энергетикасына деген  тапшылық байқала  бастады. Әйтсе де, жаңа қуат көздері жаңартылатын энергетика есебінен өсіп келеді. Сондықтан, жаңа жобалардың сандық технологиясын түзуге huawei компаниясы атсалысып келеді. Биыл, аталған компания жасыл энергия көздерін қолдануды дамытуға арналған Qazaq Green екінші Халықаралық іскерлікфестивалінің бас демеушісі болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу