Huawei қызметкерлерді Ресейден Қазақстанға ауыстыра бастады

552

Кадрларды қайта орналастыру Украинадағы жағдай мен геосаяси шиеленіспен байланысты.

Huawei қызметкерлерді Ресейден Қазақстанға ауыстыра бастады

Қытайдың телекоммуникациялық жабдықтарын шығаратын, нарықтағы ең танымал ойыншылардың бірі Huawei компаниясы біртіндеп өзінің ресейлік бөлімшелерінің қызметкерлерін көрші елдерге ауыстырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz “Ведомости”-ға сілтеме жасап.

 Аталмыш өзгерістер көктемде Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдары аясында орын алып отыр. Компания басшылығы енді қызметкерлерге Ресейден басқа ТМД елдерінде қызметті жүргізу ерекшеліктеріне қатысты жаңа жұмыс бағдарларын қояды.

"Бұл қызметкерлердің бір бөлігі – Қытайдан келген Huawei менеджерлері мен бөлімшелерінің басшылары, олар жыл басында Ресейге жіберілді, бірақ кейіннен ТМД-ның басқа елдеріне ауыстырылды", - деді технологиялық алыптың ішкі істерімен таныс дереккөз.

Қызметкерлердің басым бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанға ауыстырылады, кейбіреулері ұзақ іссапарларға жіберіледі. Қазақстанға келетін Huawei менеджерлері тек осы өңірде ғана емес, ТМД-ның басқа да елдеріндегі жұмыс процестеріне жетекшілік етпек.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу