Huawei Ресей нарығынан біржола кетуі мүмкін

816

Қытайлық "Huawei" телекоммуникациялық компаниясы Ресейге смартфон және де басқа техникаларды жеткізуді тоқтатты. 

Huawei Ресей нарығынан біржола кетуі мүмкін Фото: Caspian News

Бұл Huawei Ресейден біржола кетуі мүмкін екенін көрсетуі мүмкін. Бұрын компания тауар жетіспеуіне байланысты сауда орындарының бір бөлігін жауып тастаған.

Сонымен қатар маусым айының басында компания Мәскеудегі кеңсесін жалға беру туралы хабарландыру жариялаған болатын.

Хабарландыруда офис 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап жалға берілетіні жазылған, ал бағасы айына шамамен 8 миллион рубльді құрайды.

Осы айдың соңында корпорация өз құрылғыларын Ресей Федерациясына экспорттамайтындығы туралы хабарлады.

– Huawei өз қызметкерлерін Қазақстан мен Өзбекстанға көшірді және жақын арада қайтып оралмайды. Компания енді Ресей азаматтарын жұмысқа алмайды, – дейді Telecom daily бас директоры Денис Кусков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу