Хуситтер израильдік және америкалық үш кемеге шабуыл жасады

179

Хуситтер бұған дейін Палестинаны қолдайтынын және Израильмен байланысты кез келген кемелерге шабуыл жасайтындарын ескерткен.

Хуситтер израильдік және америкалық үш кемеге шабуыл жасады Фото: report.az

Йеменнің солтүстігінде билеуші "Ансар Алла" шиит қозғалысы (хуситтер) соңғы 24 сағат ішінде Араб теңізі мен Аден шығанағында Израиль мен АҚШ-қа байланысты үш кемеге шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы хусит қарулы күштері "Әл-Масира" телеарнасына мәлімдеме жасады. 

"Араб теңізі мен Аден шығанағында америкалық, израильдік және басқа кемелерге қарсы үш операция жасалды, Араб теңізіне америкалық Maersk Sentosa кемесіне бірнеше қанатты және баллистикалық зымырандарды қолдана отырып, сондай-ақ Палестина порттарына кіруге тыйымды бұзғаны үшін Marthopolis-ке дрондардың көмегімен шабуыл жасалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, хуситтер Израильдің Аден шығанағындағы MSC Patnaree кемесіне дрондармен шабуыл жасағаны туралы хабарлады.

Йеменнің Қызыл теңіз жағалауының көп бөлігін бақылайтын хуситтер бұған дейін Палестинаны қолдайтындықтарын және Израильмен байланысты кез-келген кемелерге шабуыл жасау ниетін білдіріп, басқа елдерді экипаждарын олардан алып тастауға және теңізге жақындамауға шақырды. Бұл ретте олар өңірдегі кеме қатынасы бостандығына кедергі келтірмейтінін және басқа елдердің кемелеріне қол тигізбейтіндерін мәлімдеді. Қызыл теңіз шабуылдарының аясында кейбір компаниялар Қызыл теңіз арқылы тасымалдауды тоқтатуға шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу