Хуситтер Қызыл теңізде екі мұнай танкеріне шабуыл жасады

193

MV Amjad бортында шамамен екі миллион баррель мұнай бар.

Хуситтер Қызыл теңізде екі мұнай танкеріне шабуыл жасады Фото: Reuters

Йемендік көтерілісшілер хуситтер Қызыл теңізде екі шикі мұнай танкерлеріне шабуыл жасады: Панама туының астында жүретін және Греция басқаратын MV Blue Lagoon I кемесі мен Сауд Арабиясының туы астындағы және сол мемлекет басқаратын MV Amjad кемесі. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәлімдемеде шабуыл нәтижесінде екі танкердің де зақымданғаны көрсетілген. 

CENTCOM мәліметтері бойынша, MV Amjad бортында шамамен екі миллион баррель мұнай бар, яғни 21 тамызда хуситтердің шабуылына ұшыраған Грецияға тиесілі MV Delta sounion танкерінің жүктерінен екі есе көп, деп еске алады авторлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу