"Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр

Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы Талғар қаласында өтуде. 

"Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр Фото: qandastar.kz

Сот басталғаннан соң айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бір сағаттық үзілістен кейін судья Айнагүл Тұқыбаева аталған өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты. Сот процесі екінші прокурор Ерлан Құланбаевтың қатысуымен жалғасқан. 

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінің алдында болған қаралы оқиғадан соң таныла түсті. 

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне соң Талғар қаласында "Хуторские" атты қылмыстық топтың бары туралы ақпарат желдей есті. Ал Қасымбаевты жұрт әлгі топтың басшысы десті. Бірақ, Ішкі істер министрлігі мұны жоққа шығарды. 

Хасан Қасымбаевқа бірден үш бап, яғни адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу, қорқытып алу бойынша айып тағылған. Ол 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталды. Онымен тағы бес адам сот алдында жауап беруде Жәбірленушілер саны – екеу, бірақ олардың жеке дерегі әзірше жарияланбай отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу