ХВҚ: "АҚШ-тағы дефолт болса, одан алынған қарыздар да қымбаттауы мүмкін"

536

АҚШ-та дефолт болса, одан алынған қарыздар да қымбаттауы мүмкін. Халықаралық валюта қорының ресми өкілі Джулия Козак осындай ескерту жасады. 

ХВҚ: "АҚШ-тағы дефолт болса, одан алынған қарыздар да қымбаттауы мүмкін" Фото: Qazaqstan.tv

Айтуынша, Америка дефолтқа ұшыраса бұл өзіне ғана емес, дүниежүзінің экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Аталған қор бүгінде көптеген дамушы мемлекеттерге және Украинаға қаржылық көмек көрсетіп келеді.

Дегенмен, Козак  көптеген елдің жалпы ішкі өнімінде өсім болады деп отыр. Әсіресе Орталық Азия мен Кавказ елдерінің экономикасы биыл 4,2 пайызға өспек. Ал АҚШ билігі қазіргі уақытта банк секторына мұқият болуы тиіс дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу