ХВҚ: Әлем бойынша экономикалық алшақтық ұлғайып барады

1294

Әлем экономикасы қайта қалпына келіп жатқанмен, ауқатты және дамушы елдер арасындағы алшақтық ұлғайып кетті. Халықаралық валюта қорының Бас экономисі Гита Гопинат осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

ХВҚ: Әлем бойынша экономикалық алшақтық ұлғайып барады

Аталған ұйым мамандары биыл жаһандық жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайыз болады деп болжам жариялады. Бірақ құрылым бұрынғыдан бөлек. Баяғыдай Батыс емес, Азия елдері алға шығады. Дегенмен, уақыт өте келе әлемдік экономика өсімі 4,9 пайызға дейін кемиді. Сарапшылар дамудың тежелуіне коронавирусқа қарсы вакцинаның жеткіліксіз болуы кері әсер ететінін айтады. Қазірдің өзінде бай мемлекеттер халқының 40 пайызына екпе салып үлгерді. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш 11 пайыздан аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу