ХВҚ исламға негізделген банк бизнесіне көбірек көңіл бөле бастады

1195

ХВҚ исламға негізделген банк бизнесіне көбірек көңіл бөле бастады

Ислам қағидаларына негізделген банк бизнесі әлемнің  60 елінде бар, олардың активтерінің жалпы көлемі  2016 жылы 1,5 трлн долларға бағаланған.  1990 жылдардың соңында оның көлемі 100 млрд доллар болған.  Таяу Шығыс пен Азияда, оның ішінде Малайзияда, Кувейт пен Саудияда ол аса маңызды, өйткені  банк секторы активтеріндегі оның көлемі жалпы алғанда 15 пайыздан асып жығылады.  Мұндай деректер  қор басшылығының жуырда исламға негізделген банктік қызметтерді көрсету кеңінен таралған елдерде қаржылық тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірқатар ұсыныстарды мақұлдауына байланысты ХВҚ-ның сейсенбі күні жарияланған жаңа есебінде келтіріліп отыр, деп жазады ТАСС. 

Құжатқа сүйенсек,  әлемде жалпы ислам банктерінің үлесі 2 пайызға жетер-жетпес қана.  Дей тұрғанмен "ол жылдам өсіп келеді әрі қаржы реттеушілері мен саяси жетекшілердің назарын өзіне көбірек аудара бастады". Осыдан да болар  ХВҚ исламның қаржы қызметтері мен "сақталып отырған реттеушілік ақтаңдақтарды" жою жөніндегі  Куала-лумпурдағы кеңес шеңберінде 2015 жылы қабылданған стандарттарды барлық жерде енгізуге шақырып отыр. Ол стандарттардың арасында проблемалық банктердегі жағдайды  реттеудің пәрменді механизмдерін әзірлеу, қаржылық "сақтандыру желілерін" құру, сукук (исламның мемлекеттік құнды қағаздары) секілді  сапалы дербес активтерді  шығаруды жеделдету жайы аталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу