ХВҚ: Қазақстанның банк секторы халықаралық санкцияларды табысты еңсерді

Ұлттық Банк өз қызметіне тән емес міндеттерді орындаудан біртіндеп бас тартып, дербестігін нығайтпақ. 

ХВҚ: Қазақстанның банк секторы халықаралық санкцияларды табысты еңсерді Фото: google

2022 жылғы 14 желтоқсанда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2022 жылғы 22 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен консультация қорытындысы бойынша Персонал есебін (Staff Report) жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және экономиканы қолдау жөнінде шаралар кешенін қабылдады. Қазақстанның сыртқы резервтерінің ауқымды көлемі мен уақытында қабылданған шаралар сыртқы күйзелістерді, соның ішінде Украинадағы жағдайдың салдарын жұтуға ықпал етті. ХВҚ миссиясы айырбастау бағамының икемділігіне қатысты Ұлттық Банктің ұстанымына оң баға берді", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар валюта қоры инфляциялық таргеттеу режимін ұстануға кеңес берген. Ұлттық Банк өз қызметіне тән емес міндеттерді орындаудан біртіндеп бас тартып, дербестігін нығайтады.

"Орталық банктің цифрлық валютасын (CBDC)  енгізу айтарлықтай артықшылықтарды қамтамасыз ете алады және әлеуетті тәуекелдерді тұрақты бағалауды талап етеді. ХВҚ бағалауы бойынша, банк секторы халықаралық санкциялардың салдарын табысты еңсерді. Қаржылық реттеуді күшейтуге оң баға алды. Банктерде мол капитал бар екені, ал депозиттердің долларлануы төмендеп келе жатқаны аталды. Активтердің сапасына және қадағалау стресс-тесттеріне тұрақты шолулар енгізу тәуекелдерді басқарудың ұтымды тәжірибесі мен банктік дағдарыс тәуекелін төмендету жолындағы маңызды қадам болып табылады", – деп хабарлады бас банк.

Экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін ХВҚ мемлекетті басқаруды жетілдіруге, экономиканы әртараптандыруға және жеке сектордың рөлін арттыруға ерекше назар аударуды ұсынды.

2023 жылы күшіне енетін Бюджеттік қағида барынша сараланған және контрциклді салық-бюджет саясатын жүргізуге жәрдемдеседі. 2023 жылы жүйелі бюджеттік шоғырландыру инфляцияны тежеуге ықпал етеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу