ХВҚ мен Ұлттық банктің өңірлік кездесуі өтті

785

ХВҚ мен Ұлттық банктің өңірлік кездесуі өтті

2018 жылғы 16 мамырда Астанада Халықаралық валюта қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің "Кеңейтілген өңірлік және жаһандық ықпалдасуға жәрдемдесуге арналған экономикалық саясаттың негіздері" тақырыбы бойынша өңірлік кездесуі өтті, оған Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев және ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Тао Чжан қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев және ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Тао Чжан құттықтау сөз сөйледі.

Өзінің құттықтау сөзінде Данияр Ақышев Халықаралық валюта қоры мен Ұлттық банктің өңірлік кездесуінің екінші рет Астана экономикалық форумының қарсаңында өтіп отырғанын атап өтті.

"Ұлттық банк ХВҚ-ның осы шараның қоса ұйымдастырушысы болу туралы ұсынысына аса құрметпен қарады, ол өз алаңында Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикалық блок үшін жауап беретін үкіметтік құрылымдары өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары, ынтымақтастық жөніндегі екіжақты және көпжақты агенттіктер, академиялық және дипломатиялық топтар және бизнес қоғамдастық өкілдерінің жиналуына мүмкіндік берді", - деді Ұлттық банк басшысы.

Іс-шараға Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикалық блок үшін жауап беретін үкіметтік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының, ынтымақтастық жөніндегі екіжақты және көпжақты агенттіктердің, академиялық және дипломатиялық топтардың және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Кавказ және Орталық Азия елдерінде интеграциялық процестерді дамытуға ықпал еткен бірлескен бастамалар; Кавказ және Орталық Азия елдерінің неғұрлым жоғары ықпалдасу жолында еңсеруі қажет негізгі қиындықтар; макро ортаның интеграцияға әсері және әлеуетті тәуекелдерді азайту; жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктердің, оның ішінде "Бір белдеу-бір жол" бастамасы шеңберінде Кавказ және Орталық Азия елдері үшін басымдығы, сондай-ақ "Бір белдеу-бір жол" бастамасын іске асыру кезінде оң әсерге ықпал ететін саяси бағыт; сауда мен инвестицияларды ынталандыруға қажетті құрылымдық реформалар және биліктің ұлттық органдарының инклюзивті өсуді қамтамасыз етуі сияқты өңірдегі интеграцияның ағымдағы мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар ХВҚ мен Ұлттық банктің өңірлік кездесуінің платформасы Кавказ бен Орталық Азия елдері үшін экономикалық дамудың негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу үшін жақсы алаң болғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу