ХВҚ Сальвадорды биткоинді пайдаланудан бас тартуға шақырды

1003

6 маусымда ел Президенті Найиб Букеле елде биткоинді заңдастыру туралы жоспарын жариялаған еді.

ХВҚ Сальвадорды биткоинді пайдаланудан бас тартуға шақырды

Халықаралық валюта қорының директорлар кеңесі Сальвадорды биткоинді заңды төлем құралы ретінде туралы заң қабылдаудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ХВҚ криптовалюта бұл елді тұрақсыздық пен инфляцияға душар етеді деген күдікке байланысты осындай шешім қабылданған.  Сондай-ақ ұйым қаржылық тұрақтылық, қаржылық тұтастық және тұтынушылардың құқығына да биткоин кесірін тигізуі мүмкін екенін алға тартты. 

6 маусымда Сальвадор Президенті Найиб Букеле елде биткоинді заңдастыру туралы жоспарын жариялады. Ел парламенті бұл криптовалютаны ресми төлем құралы ретінде танитын заңды қабылдады. Осы жайттан кейін биткоинге қарсы адамдар ереуілге шығып, заңды алып тастауды талап етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу