ХВҚ сарапшылары: 2023 жылы инфляция шамамен 12%-ға дейін біртіндеп төмендейді

Қор миссиясының Қазақстанға жасаған сапары бойынша қорытынды мәлімдеме жарияланды. 

ХВҚ сарапшылары: 2023 жылы инфляция шамамен 12%-ға дейін біртіндеп төмендейді Фото: bugin.kz

31 мамыр мен 7 маусым аралығында Қазақстан Халықаралық валюта қорының миссиясын қабылдады. 

Сапарды қорытындылаған Миссия елдің бүгінгі қаржылық-экономикалық даму барысын сипаттайтын шолуы бар мәлімдемесін жария етті. Онда негізгі шешімдер мен ұсыныстар да қамтылған.

ХВҚ миссиясы коммуникация саласындағы қарқынды жұмыспен бірге Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатына және орталық банктің экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығуға деген ниетін оң бағалады.

ХВҚ сарапшыларының болжамы бойынша, 2023 жылы инфляция шамамен 12%-ға дейін біртіндеп төмендейді. ХВҚ пікіріне сүйенсек, қатаң ақша-кредит саясаты инфляцияға, валюта бағамына түскен қысымды дер кезінде бейтараптандыруға, долларлану деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді.

ХВҚ сарапшылары инфляцияның негізгі факторларын да атап өтті. Олар – жанар-жағармай мен коммуналдық қызмет бағасының өсуі, жоғары экономикалық белсенділік және мемлекеттік шығындардың артуы. ХВҚ Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын іске асыру бойынша 2023 жылы қабылдаған шаралары инфляция деңгейін төмендетуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыру бағытында тұрақты үрдіске қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу