ХВҚ Украинаға 699 млн доллар бөлетін болды

786

Халықаралық валюта қоры Украинаға 699 млн доллар бөлетін болды. Бұл қаржы пандемия кезінде зардап шеккен экономиканы қалыпқа келтіру үшін жұмсалады, деп хабарлайды Atameken Business.

ХВҚ Украинаға 699 млн доллар бөлетін болды

Киевтегі билік Орталық банктің тәуелсіздігін сақтап, жемқорлық және коронавирусқа қарсы күресеміз, сонымен қатар сот реформасын одан әрі жетілдіріп, инфляцияны ауыздықтаймыз деп уәде берді.

Қазір елдегі ахуал мәз емес. Шекаралық аймақтарда қауіп күшейді. Ресей тарапынан қысым жоғары.

Естеріңізге салайық, жақында АҚШ баспасөзі осы қыста Путин бастаған топ Украинаға қарсы шабуыл жасауы мүмкін деп хабар таратқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу