"Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль алған Тамара Асар сынға қалды

10893

Атырау облысы ардагерлер кеңесі осындай шешімге келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль алған Тамара Асар сынға қалды Фото: inbusiness.kz

Әнші Тамара Асарға "Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова" атындағы медаль табысталыпты.

"Мені "Батыр қыз" деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хыйуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хыйуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, Ата-Анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы! Алдыңғы буын ағалар құрметтеріңізге үлкен мың алғыс! Атырауым, бас идім. Рахмет сенімдеріңізге!" – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Мұны желідегі оқырмандар екі түрлі қабылдаған. Бірі Тамара Асарды құттықтап жатса, енді бірі "Хыйуаз Доспанова" атындағы медальдің не үшін әншіге берілгенін түсінбей дал.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу