Hyperloop Transportation бас директоры Қазақстанда футуристік пойыз жобасын іске асырмақ

575

Аталған пойыздың жылдамдығы сағатына 457 шақырымға дейін жетеді екен.

Hyperloop Transportation бас директоры Қазақстанда футуристік пойыз жобасын іске асырмақ

Hyperloop Transportation бас директоры Дирк Альборн көлік саласында Қазақстанда соңғы буынды технологияларға негізделген футуристік пойыз жобасын іске асыруға ниетті. Бұл туралы ол "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форумы аясында тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз көліктің жаңа түрін даярлаумен айналысып жатырмыз. Мәселен, капсуламен өте жоғары жылдамдықта саяхаттау мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыстар бойынша Қытаймен және Дубай қаласымен тиісті келісімшарттарды бекіттік. Сонымен қатар, өзге де елдермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Бүгінде бірқатар елдердің үкіметтерімен бірлескен жұмыстарды бастап кеттік. Жалпы бізде 14 жоба бар", - деді Дирк Альборн.

Осы орайда, ол Қазақстанда да ауқымды жобаларды жүзеге асыруға әзір екенін атап өтті.

"Біз Қазақстанда жұмыс істеуге ниеттіміз. Бұл тұрғыда ҚР үкіметімен шаралар жоспарын пысықтап алып, барлық заңды негіздерді бекіту керек. Атап айтқанда, жоба құрылысы көптеген факторларға байланысты. Шамамен, бұл жолдың бір шақырымының құны 20 млн доллар. Алайда еңбек ресурстарына байланысты Қазақстанда жобаның құны едәуір арзанға түсуі мүмкін. Әрбір елдің ерекшелігіне қарай тиісті есеп-қисапты жүргізу қажет", - деп түйді ол.

Айта кетейік, Hyperloop - ол ваккумдық пойыз жобасы. Бұл жоба 2013 жылы америкалық венчурлық кәсіпкер Илон Маскпен ұсынылған еді. Алайда ол соңына дейін жүзеге асырылмады. Бүгінде сынақ алаңдары Хоторнде және Лас-Вегасте салынды, сондай-Тулузде де сынақ алаңы құрастырылып жатыр. Аталған пойыздың жылдамдығы сағатына 457 шақырымға дейін жетеді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу